Нұр-Сұлтан 15°
×
21.01.2022, 18:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Қазақстан халқына» қорынан алынған қаржылай көмекке салық салынбайды

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов «Қазақстан халқына» қорына аударым жасаған бизнес субьектілеріне қандай жеңілдіктер берілетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан халқына» қорынан алынған қаржылай көмекке салық салынбайды
фото: ашық дереккөзден

«Бизнес субьектілерінің «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуын ынталандыру үшін Ұлттық экономика министр алаңында Салық кодексіне түзетулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. «Қазақстан халқына» әлеуметтік-қоғамдық қорына мүлік түрінде аударым жасағандарға салық салынатын кірісін азайту құқығы ұсынылады. Бұл жеңілдіктің мөлшері әлі талқыланып жатыр. Біз қазір Салық кодексінің бұл тұрғыдағы ережесін қайта қарап жатырмыз. Яғни, салықтан босату жағына өзгеруте енгізілмек», - деді Қайрат Миятов.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері