Нұр-Сұлтан 9.9°
×
20.01.2022, 14:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алматыдағы тәртіпсіздіктен зардап шеккен кәсіпкерлерге төмен пайызбен несие беріледі

Жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігі немесе жартылай кепілдігі арқылы 12 ай мерзімге жылына 2%-бен 10 млн теңгеге дейін несие беріледі, деп хабарлады Elorda.info.

Алматыдағы тәртіпсіздіктен зардап шеккен кәсіпкерлерге төмен пайызбен несие беріледі
фото: ашық дереккөзден

Зардап шеккен шағын және орта бизнес субектілерін қолдау мақсатында 2%-ы кредит тағайындалады. Шекті сомасы 10 млн теңгеге дейінгі кредиттің мерзімі 12 ай. Сондай-ақ Infokazakhstan.kz порталына жүгінген кәсіпкерлердің кредиті мен өсімпұлы 180 күнге дейін шегеріледі. Бүкіл кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жарты жылға дейін кредит берудің жоғары шегі сақталады. Оған қоса кепілсіз кредиттің жылдық мөлшерлемесі төмендейді, яғни 12 пайыздан 9%-ға дейін, - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері