Нұр-Сұлтан 13.4°
×
18.01.2022, 11:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Сұйытылған газ бағасының күрт өсуін шектейтін шаралар енгізіледі – Энергетика министрі

Энергетика министрі Болат Ақшолақов сұйытылған газ бағасының күрт өсуін шектейтін кешенді іс-шаралар енгізілетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сұйытылған газ бағасының күрт өсуін шектейтін шаралар енгізіледі – Энергетика министрі
фото: ашық дереккөзден

Қысқа мерзімді іс-шаралар ретінде осы жылғы қаңтар айының соңына дейін Үкіметке сұйытылған мұнай газы бағасының күрт өсуін шектейтін ашықтық қағидаттары мен тетіктерді енгізуді ескере отырып, электрондық сауда алаңы/тауар биржалары арқылы сұйытылған газ сауда-саттығын одан әрі жетілдіру жөнінде кешенді іс-шаралар енгізілетін болады. Үкіметпен келісілгеннен кейін бұл іс-шаралар нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізу түрінде ресімделеді, - деді министр Үкімет отырысында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері