Нұр-Сұлтан 14.5°
×
18.01.2022, 11:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты 2 мыңнан астам шағым түскен

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауына байланысты 2 мыңнан астам шағым түскенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты 2 мыңнан астам шағым түскен
фото: ашық дереккөзден

Тауарлар мен қызметтерді қымбаттау дерегін жедел анықтау және жолын кесу мақсатында хабарламалар алу үшін сенім телефоны құрылды. Бүгінде агенттіктің сенім телефонына 2 мыңнан аса өтінім түсті, оның 50 пайызға жуығы Алматы қаласы тұрғындарынан, 30 пайызы - Нұр-Сұлтан тұрғындары, 20 пайызы басқа өңір тұрғындарынан. Сонымен қатар, 70 пайызы - әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасын көтеру дерегіне байланысты. Көп жағдайда тауарлар бағасын бөлшек саудада 15 пайыздық сауда үстемесіне сай келмейтіндей шарықтатып жібереді, - деді Жұманғарин Үкімет отырысында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері