Нұр-Сұлтан 13.4°
×
18.01.2022, 11:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізіледі

Бүгін Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин күн сайын өңірлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізіледі
фото: ашық дереккөзден

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында Агенттік тиісті жедел шаралар қабылдауда Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтарында бағаны ұстап тұру және 10% - ға дейін сауда үстемесін белгілеу бөлігінде өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 189 актісі жасалды. Биылғы 5 қаңтардан бастап күн сайын өңірлер бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық позициялары бойынша бағаларға мониторинг жүргізіледі, - деді С. Жұманғарин.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері