Нұр-Сұлтан 13.9°
×
18.01.2022, 09:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Есеп комитеті "ҚазМұнайГаз" жұмысындағы заңбұзушылықтарды анықтады

"ҚазМұнайГаз" жұмысындағы заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Есеп комитеті "ҚазМұнайГаз" жұмысындағы заңбұзушылықтарды анықтады
фото: ашық дереккөзден

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың мамырында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және оның жекелеген ведомстволық ұйымдарының активтерін басқару тиімділігіне аудит жүргізілген. Аудит барысында еңбек заңнамасының кемшіліктері анықталған. Бұл кемшілік 16 сағат көлеміндегі жұмыс уақыты есебімен бір уақытта бірнеше басшылық лауазымдарды біріктіруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Басқарма төрағасының орынбасары (қашықтан) қызметі еншілес ұйымның бас директоры лауазымымен біріктірілген, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "Нысандарды салу жөніндегі серіктестік" корпоративтік қоры Түркістан облысындағы амфитеатр құрылысына бөлінген 307 миллион ​​938 мың теңгеден үнемделген қаражатты қайтармағаны анықталды.

Соталды арыздан кейін корпоративтік қор "ҚазМұнайГаздың" есеп айырысу шотына көрсетілген ақша сомасын қайтарғаны хабарланды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері