Нұр-Сұлтан 8.6°
×
17.01.2022, 14:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

"Қазақстан халқына" қорына 12 миллиард теңгеден астам қаражат жиналды

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 12 миллиард теңгеден астам қаражат жиналды, деп хабарлады Elorda.info.

"Қазақстан халқына" қорына 12 миллиард теңгеден астам қаражат жиналды
фото: khabar.kz

Қор мәліметінше, 17 қаңтарда таңертең заңды тұлғалардан 12,36 миллиард теңге түскен.

Kaspi Bank және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе 10 миллиард теңге көлемінде қомақты үлес қосты. Сондай-ақ, "Халық" қайырымдылық қорынан екі миллиард теңге түсті. Степногор тау-кен-химия комбинаты 350 млн теңге аударды, - деп мәлімдеді қор өкілі.

Сонымен қатар, қоғамдық қорға ерікті ретінде 6519 қазақстандық ақша аударған. Қазір оның жалпы сомасы 10,1 миллион теңгеден асады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері