Нұр-Сұлтан -11.7°
×
14.01.2022, 16:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда бірнеше өңірде ТЖ режимі алып тасталды

Шымкент қаласы және Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимін алып тастау туралы қаулы шықты. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда бірнеше өңірде ТЖ режимі алып тасталды

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес мына өңірлерде 2022 жылғы 14 қаңтардағы сағат 18.00-ден бастап ТЖ режимі алып тасталады:

Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.

Шығыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың жойылсын.

Қарағанды облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.

Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері