Нұр-Сұлтан -11.7°
×
13.01.2022, 10:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүліктен зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау үшін 1 млрд теңгеге жуық қаржы жиналды

Елдегі тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарын қолдау үшін құрылған қорға 1 млрд теңгеге жуық қаражат жиналды, деп хабарлады Elorda.info «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бүліктен зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау үшін 1 млрд теңгеге жуық қаржы жиналды
фото: ашық дереккөзден

Аталған қорды қазақстандық кәсіпкерлер құрды. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышевтың сөзінше, барлық қаржы операциясы цифрландырылып, жұртқа жарияланып отырады. Ал 30 кәсіпкерден тұратын арнайы комиссия ақшаның бөлінуін мұқият қадағалайды. Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты. Соңғы мәліметтер бойынша, бір жарым мыңнан астам кәсіпкер шығынға батты.

Зардап шеккен кәсіпкерлер infokazakhstan.kz сайтына кіріп, өтініш қалдыра алады. Онда келген шығын ауқымы мен көлемін фото және видео деректер арқылы тіркеу керек. Қорға түскен қаражат арнайы комиссияның шешімінен кейін бөлінеді, – деді М. Барышев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері