«ЦентрКредит» банкі қайтыс болған әскерилер мен полицейлердің отбасыларына миллион теңгеден береді, деп хабарлады Elorda.info банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ЦентрКредит» банкі қызметтік міндеттемелерін орындау барысында көз жұмғандардың отбасыларына көмек көрсетеді.
Банк қызметтік міндеттерін орындау кезінде көз жұмған полицейлер мен әскери қызметкерлердің отбасыларына қайғыра көңіл айта отырып, қаза тапқан азаматтың отбасына 1 миллион теңгеден көмек көрсететіндігімізді хабарлаймыз. Сонымен қатар көз жұмған азаматтардың біздің банкте рәсімделген несиелерін кешіретін боламыз, - делінген хабарламада.