Нұр-Сұлтан 20.6°
×
09.01.2022, 19:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға өседі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 2022-2025 жылдар кезеңінде жыл сайын орта есеппен 20%-ға арттыру басталды. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға өседі

Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т.б. мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 591 мың азаматтық қызметшіге еңбекақыны көтеру әсер етеді. Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері