Нұр-Сұлтан 20.6°
×
09.01.2022, 09:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алматыда ірі сауда желілерінің жұмысы қалпына келді

Алматыда супермаркеттердің жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды Elorda.info aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда ірі сауда желілерінің жұмысы қалпына келді
Фото: stablereviews.com

«Бүгінгі күні Magnum, «Тоймарт» және Small супермаркеттерінің 28 филиалы ашық. Сауда нысандарында, жеткізушілер мен дистрибьюторлардың қоймаларында азық-түлік қоры жеткілікті көлемде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Алдағы екі күнге сауда желілерінде таңғы сағат 09.00-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленді», – деп хабарлады Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының баспасөз қызметі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері