Нұр-Сұлтан 24.2°
×
29.12.2021, 18:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандықтар 11 айда 431 млрд теңгеге шетел валютасын сатып алған

2021 жылғы қарашада ел тұрғындары нетто-негізде 431 млрд теңгеге балама қаржыға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандықтар 11 айда 431 млрд теңгеге шетел валютасын сатып алған

Өткен аймен салыстырғанда шығыстар 1,5 есе ұлғайды (2021 жылғы қазандағы көрсеткіш – 294,5 млрд теңге), 2020 жылдың осы кезеңіне қарағанда (283,7 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 1,5 есе өскен. 

Шығыстың негізгі көлемі – 68,6% немесе 295,5 млрд теңге – доллардың, 20,6% немесе 88,8 млрд теңге – Ресей рублінің үлесінде, 10,8% немесе 46,4 млрд теңге – еуроны сатып алуға бағытталды, - делінген хабарламада.

Бір айда долларды сатып алу шығысы 1,6 есе, рублді сатып алу – 23,0%, еуроны сатып алу шығысы 37,5% өскен.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері