Нұр-Сұлтан 26.7°
×
28.12.2021, 11:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алдағы үш жылда бір миллионға жуық отбасы баспанамен қамтылады

Елімізде 2025 жылға дейін 977 мың отбасыны баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Алдағы үш жылда бір миллионға жуық отбасы баспанамен қамтылады

2025 жылға дейін 103 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. 977 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі, - деді министр Үкімет отырысында.

Министрдің сөзіне қарағанда, мемлекеттік инвестицияның 1 теңгесіне 7 теңге жеке инвестиция тартылады. Сондай-ақ биыл елімізде 17 миллион шаршы метр немесе 163 мың баспана салынуы керек.

26 желтоқсандағы алдын ала деректер бойынша 16 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысының қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 12 өңірде артқан, – деді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері