Нұр-Сұлтан 13.4°
×
20.12.2021, 13:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Балабақшалар көрсететін қызмет көлемі бір жылда 25%-ға артты

Биылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында елімізде мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызмет көрсету көлемі 365,9 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғы көрсеткіштен 25,7%-ға көп, деп хабарлайды Elorda.info тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Балабақшалар көрсететін қызмет көлемі бір жылда 25%-ға артты

Өңірлерге шақсақ, ең көп қызмет көлемі Түркістан облысында көрсетілген: 44,5 млрд тг — былтырғыдан 17,6%-ға көп.

Екінші орынға Алматы облысы жайғасты (35,5 млрд тг, бір жылда +56,4%). Лидерлер үштігін Алматы қорытындылап тұр: 2,5 млрд тг, бір жылда +23,2%.

Биыл ең көп жылдық өсім көрсеткен өңір Алматы облысы, ал ең аз өсім көрсеткен өңір Солтүстік Қазақстан облысы (бір жылда 15,6%) болып шықты.

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің басым бөлігін (223,7 млрд тг) мемлекет меншігіндегі ұйымдар көрсеткен. Тағы 140,9 млрд теңге жекеменшік ұйымдардың үлесіне, 1,4 млрд теңге шетелдік ұйымдардың үлесіне тиеді. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері