Нұр-Сұлтан 18.6°
×
19.12.2021, 16:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Келер жылы Қазақстанда жаңадан 24 электровоз желіге қосылады

Үкімет басшысы Асқар Мамин теміржол жолдарын жаңғырту және жылжымалы құрамды жаңартуға қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Elorda.info.

 

Келер жылы Қазақстанда жаңадан 24 электровоз желіге қосылады

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасында Достық – Мойынты учаскесінде ұзындығы 833 шақырым болатын екінші жолдардың құрылысы көзделеді. Оны іске асыру кезеңі - 2021-2024 жылдар. Аталған жоба Қазақстанның ҚХР – ЕО маршрутында теміржол транзиттік тасымалдарындағы басым рөлін сақтап қалады, бұл учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға және контейнерлік пойыз жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді», – делінген А. Маминнің жауабында.

Премьер-министрдің айтуынша, биыл меншікті қаражат есебінен Достық – 19-разъезд учаскесінде ұзындығы 25 шақырым екінші жолдардың және 19-разъезд учаскесінде үш жолдың құрылысы басталды.

«Алтынкөл – Жетіген учаскесінің және Алматы теміржол торабының жүктемесін азайту үшін ұзындығы 73 шақырым Жетіген – Алматы айналма теміржол желісін салу жоспарлануда (жоба). Жобаны іске асыру Алматы торабының жүктемесін 30 %-ға азайтуға, сондай-ақ жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаны 2022-2023 жылдары іске асыру көзделген», – деп жазды Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол өз сөзінде қазіргі таңда локомотивтердің жүк паркін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, биыл шарттар бойынша 15 тепловоз бен 12 электровоз алынғанын, ал 2022 жылы тағы 24 электровоз және 28 тепловоздың жеткізілетінін атап өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері