Нұр-Сұлтанда "G-Global – XXI ғасыр әлемі" халықаралық конгресі басталды, деп хабарлайды Elorda.info.
Іс-шараны Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың G-Global халықаралық жобасының 10 жылдығына орай G-Global халықаралық хатшылығы, Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы ұйымдастырды. Сондай-ақ конгресті ұйымдастыруға Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференция, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, "Мадрид клубы" дүниежүзілік көшбасшылар альянсы, жаңартылған Бреттон-Вудс комитеті, BBC World News және тағы басқа ұйымдар көмектесті.
Конгресс аясында негізгі 5 іс-шара өтті:
Жиынға Армения президенті Армен Саркисян, БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Наталья Герман, ЮНКТАД бас хатшысы Ребека Гринспан, Ислам даму банкінің төрағасы Мұхаммед Сүлеймен әл Джассер, Дүниежүзілік сауда ұйымының жетінші бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала, "Мадрид клубы" дүниежүзілік альянсының президенті Данило Түрк, Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг (2007), Италия премьер-министрі (2006-2008) және Еуропалық комиссияның оныншы төрағасы Романо Проди, JPMorgan Chase International корпорациясының экс-төрағасы Джейкоб Френкель, БҰҰ Азия мен Тынық мұхит экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысы (2013-2018) Шамшад Ахтар, халықаралық қаржы, әрі ірі бизнес ұйымдарының басшылары, халықаралық сарапшылар және тағы басқалары қатысты.
Конгресте экономика, сауда және қаржы нарығын дамыту, коронавирус пандемиясы кезеңіндегі макроэкономикалық саясат мәселелері талқыға салынды.