Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай елорданың бірнеше жерінде мерекелік отшашу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elorda.info.
Отшашулар Ботаникалық бақ аумағында, Есілдің сол жағалауындағы “Атырау” көпірінің тұсында және Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағында Пушкин көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысында өтті.