Нұр-Сұлтан 20.6°
×
12.12.2021, 13:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда бір айда баспана бағасы 4 пайызға қымбаттаған

Елімізде соңғы бір ай ішінде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттаған, деп хабарлады Elorda.info 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда бір айда баспана бағасы 4 пайызға қымбаттаған

Сарапшылар бұл шарықтау келесі жылы да жалғасады дейді. Болжам бойынша нарықтағы дүрлігу сәуірге дейін сақталады. Себебі қазақстандықтар зейнетақы қорындағы «жеткілікті шектен» асқан ақшасын алуға асық. Бірақ эконом санатына жататын пәтерлерге сұраныс көп болғанымен, сатып алушы аз.

Елде баспана бағасы соңғы бір ай ішінде 4 пайызға қымбаттаған. Ал зейнетақы қорындағы ақшаны алу төңірегіндегі қарбалас басталғалы, бір аптаның ішінде тағы көтерілген. Осы сәтті пайдаланған алыпсатарлар да пәтерлердің бағасын кемі 3-4 миллон теңгеге өсірген.

Крыша.кз сарапшыларының айтуынша, әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағандыда баға күрт өскен. Мәселен, Нұр-Сұлтанда пәтерлердің шаршы метрінің бағасы бір айдың ішінде 3,9%-ға көтерілген. Алматыда - 3,2% пайыз, Шымкентте - 2,0% пайызға қымбаттаса, Қарағандыда – 2,2 % шарықтаған.

Жалпы тұрғын үй бағасының көтерілуіне тек зейнетақыға қатысты қарбалас қана емес, құрылыс матриалдардың қымбаттауы да әсер етіп жатыр. Ал құрылыс компанияларының мамандары жаңа жылда жаңа үйлердің бағасы қымбаттайтынын айтады. Сәйкесінше, ескі үйлердің де құны көтеріледі деген сөз. Қазір елде ең қымбат пәтерлер Алматыда. Шаршы метрі орташа есеппен - 600 мың теңге. Ал, екінші орында Нұр-Сұлтан. Ондағы пәтерлердің шаршы метрі үшін 400 мың теңге төлеуіңіз керек.

Мамандар бағаның шарықтауына тек бұл өзгерістер ғана емес, күнде құбылған доллардың да құны қатты әсер етті дейді. Сарапшылар жылжымайтын мүлік құны жаңа жылдан бастап тағы 15 пайызға дейін қымбаттайды деп болжайды.

Жылжымайтын мүлік федерациясының мәліметінше, желтоқсанда пәтерлердің шаршы метрі бұдан әрі қымбаттамайды. Өйткені, зейнетақы жинағындағы қаржыны депозитке аудару мүмкіндігі берілген соң, тұрғындар оны бірден пәтер сатып алуға жұмсамайды. Мүлікті нарықты бағамдап барып, бірақ алады. Десе де, нарықтағы дүрлігу сәуірге дейін сақталады дейді. Өйткені қазақстандықтардың кейбірі «жеткілікті шектен» асқан ақшасын алуға асық. Бірақ элиталық, бизнес және комфорт санатына жататын пәтерлердің бағасы қымбаттай беруі мүмкін.

Ал сарапшылар ел ішінде сұранысы жоғары эконом санаттағы пәтерлердің бағасы түсе бастайды деп болжайды. Айтуларынша, көктемде осы санаттағы үйлердің құны кемі он пайызға төмендеуі тиіс. Тіпті карантинге дейінгі бағаға жетуі мүмкін. Себебі жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс болғанымен, сатып алуға мүмкіндігі бар адам аз.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері