Нұр-Сұлтан -7.9°
×
04.12.2021, 00:52
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

2022 жылы қанша салымшы өзінің зейнетақы жинағын пайдалана алады

2022 жылы зейнетақы жинақтың шекті мөлшері асатын қанша салымшы бар екені айтылды, деп хабарлайды Elorda.info Қазақпаратқа сілтеме жасап.

2022 жылы қанша салымшы өзінің зейнетақы жинағын пайдалана алады

«1 қарашадағы жағдай бойынша 2022 жылы пайдалануға қолжетімді қажетті сомасы бар зейнетақы жинақтары бар салымшылардың жалпы саны 580 мыңнан асады. Алуға болатын жинақтардың жалпы сомасы шамамен 901 млрд теңгені құрайды», - деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов.

Айта кетейік, бұрынғы шектер бойынша өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды 31 желтоқсанға дейін әлі де алуға болады. Зейнетақы қоры Басқарма төрағасының айтуынша, халықтың зейнетақы жинақтары бірінші кезекте зейнетақыға арналғанын, ал тұрғын үй жағдайын жақсартуға тиісті басқа да көздер қажет екенін түсінуі тиіс.

«Адамдардың қаржыны жинақтауы үшін жағдай жасау қажет. Алайда, зейнетақы жинақтары тұрғын үй мәселесін толық шешуге мүмкіндік бермейтінін барлығы түсінеді. Бұл ретте тұрғын үй жағдайын жақсартуға басқа да бағдарламалар әзірленетін болады», - деді ол.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі шамаен екі есеге өседі. Сонымен қатар Еңбек министрлігі Бірыңғай зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері неге өскеннін түсіндірді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері