Нұр-Сұлтан -10.9°
×
03.12.2021, 14:15
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Доллар бағамы тағы қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан көтерілді, деп хабарлады Elorda.info.

Доллар бағамы тағы қымбаттады

Таңертеңгілік сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,40 теңгеге көтеріліп, 436,22 теңгені құрады.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, дәл қазір Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 438,7 теңгені, ал сату 439,3 теңгені құрап отыр.

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 438,03 теңгеден сатып алынып, 439,03 теңгеден сатылуда.

Ұлттық банктің 3 желтоқсандағы доллардың ресми бағамы 435,76 теңгені құрады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері