Нұр-Сұлтан 19.7°
×
02.12.2021, 20:03
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандықтардың ипотекалық несиесі 3 трлн теңгеден асты

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық активтері 36,01 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бергі жиынтық активтердің өсімі 16,2%-ға тең, деп хабарлайды Elorda.info Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
 

Қазақстандықтардың ипотекалық несиесі 3 трлн теңгеден асты

"Екінші деңгейлі банктерде 12,23 трлн теңгені немесе активтердің 33,9%-ын құрайтын жоғары өтімді активтердің айтарлықтай қоры бар. Өтімділік резерві банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Банк секторының міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жалпы міндеттемелерінің 80,4%-ын немесе 25,35 трлн теңгені құрайтын депозиттік портфельден тұрады. Шығарылған бағалы қағаздар мен басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған несиелер сияқты басқа міндеттемелердің үлесі тиісінше 7,3% және 2,0%-ды құрады", – деп жазылған шолуда.

1 қарашадағы жағдай бойынша экономиканы несиелендіру көлемі қазан айында 1,4%-ға ұлғайып, 17,2 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің өсімі 2021 жылдың басынан бері 17,6%-ды құрады.

Ұлттық валютадағы несиелер көлемі 2021 жылдың қазан айында 2,5%-ға, ал жыл басынан бері – 21,1%-ға – 12,72 трлн теңгеден 15,41 трлн теңгеге дейін өсті. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген несиелер 0,8%-ға, жеке тұлғаларға – 3,5%-ға өсті.

Салалық бөлiмде экономикаға банк несиелерiнiң ең қомақты көлемi өнеркәсiп сияқты салаларға бөлінді, жалпы саудаға — 10,9%, құрылыс – 3,3% және көлiк саласына – 2,6% үлесі тиесілі. 

"2021 жылдың қазан айында халықты ипотекалық несиелендіру көлемі 3,8%-ға өсіп, 1 қарашадағы жағдай бойынша 3,02 трлн теңгені құрады. 2021 жылдың басынан бері бұл көрсеткіштің өсімі 27,3%-ды құрады. Азаматтардың тұтынушылық несиелері 2021 жылдың қазан айында 3,5%-ға өсіп, 5,83 трлн теңгеге жетті. 2021 жылдың басынан бері тұтынушылық несиелер 32,8%-ға өсті", – деп жазылған хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері