Нұр-Сұлтан -10.9°
×
02.12.2021, 17:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңге депозиттері бойынша 2022 жылдың қаңтар айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлады Elorda.Info.

Қазақстанда депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Қордың мәліметінше, жеке банктерде депозиттердің 12 және 24 айлық мерзімді депозиттерде және 24 айлық жинақ салымдарда айрықша шоғырлануы нарық мөлшерлемелеріне ықпал етпес үшін ұзақ мерзімді депозиттер бойынша максималды сыйақы мөлшерлемелері желтоқсан айындағы мәндік деңгейде сақталды.

«12 айға арналған жинақ салымдар бойынша максималды сыйақы мөлшерлемелері 13,9% деңгейінде қалды. Мақсат – олардың тартымдылығын сақтау және халықтың ұзақ мерзімді салымдарға деген қызығушылығын ояту және оған қолдау көрсету. Мерзімсіз депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер 9,5% деңгейінде бекітілді», - делінген ресми хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері