Нұр-Сұлтан -10.9°
×
29.11.2021, 23:11
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Коронавирустың жаңа штамы анықталғалы бері бірреттік қолғап өндірушілердің акциялары қымбаттады

Бүгін әлемдегі қолғап шығаратын ең ірі компания саналатын Top Glove-тің бағалы қағаздары Малайзия биржасында 21%-ға қымбаттады. Қолғап өндірісімен айналысатын Hartalega Holdings компаниясының да акциялары бағасы 13%-ға қсті. Бұл - қаңтардан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Elorda.info Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Коронавирустың жаңа штамы анықталғалы бері бірреттік қолғап өндірушілердің акциялары қымбаттады
Фото: Станислав Красильников / ТАСС

Медициналық құралдар өндіруші компаниялардың акциялары былтыр 3-4 есе қымбаттап, ең жоғары өсімді көрсеткен болатын. Бір жылдың ішінде аталмыш компаниялар екі есе арзандаған. 

“Бұл акцияларға сұраныс былтырғы деңгейге жетпейді, бірақ қазіргіден өсе түседі, әсіресе коронавирустың жаңа штамын жұқтыру фактісі көбейген сайын бұл құбылысты көбірек күтуге болады”, – дейді Areca Capital инвесткомпанияның бас директоры Дэнни Вонг.

Айта кетсек, коронавирустың ең соңғы табылған омикрон штамы қазірге дейін Оңтүстік Африка, Ботсвана, Израиль және Гонконгта анықталды. Оның бір ерекшелігі, өте қатты мутацияланады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері