Нұр-Сұлтан -0.8°
24.11.2021, 17:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елде де, әлемде де тауарлар мен қызмет көрсету бағасы өсіп жатыр

Биылғы қазан айында Қазақстанда айлық инфляция 0,7%, жылдық инфляция 8,9%-ды құрады, деп хабарлайды Elorda.info finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елде де, әлемде де тауарлар мен қызмет көрсету бағасы өсіп жатыр

Бүгінде бірқатар дамыған және дамушы елде инфляцияның қарқыны жоғары. Мысалы, биыл қазанда АҚШ-та жылдық инфляция 6,2%-ға жетті (1991 жылдан бастап алғаш рет). Еуропалық одақта бағаның өсуі 4,1% деңгейінде, бұл – 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ресейде инфляция қазанның қорытындысы бойынша 8,1% өсіп, мақсатты мәннен 2 есе артты.

Азық-түлік бағасының өсуі әлемдегі инфляцияның негізгі драйвері болып саналады.

Қазақстанда жылдық инфляцияның жартысына азық-түлік бағасының өсуі әсер етеді, қазанда ол 11,3%-ды құрады. Азық-түлік емес инфляция 7,8% деңгейінде, ақылы қызмет көрсету сегментінде инфляция 6,9%-ға тең. 

Азық-түліктің қымбаттауы инфляцияны тек Қазақстанда емес, жалпы әлемдік трендке айналдырды деуге болады. Биыл қазанда Еуропалық одақта азық-түлік бағасы 2,0%, АҚШ-та 5,3% көтерілді. Ресейде инфляция қарқыны өткен жылдың ортасынан бастап күшейген. Мұнда да азық-түлік бағасының күрт өскенін байқауға болады.

Елде жылдық азық-түлік инфляциясының жеделдеуі көкөніс, атап айтқанда ұзақ сақталатын көкөністің (картоп, сәбіз, қызылша) маусым соңында тапшылығы мен олардың бағасының күрт өсуімен байланысты. 2021 жылғы маусымда осы өнімдерге бағаның айлық өсуі соңғы жылдармен салыстырғанда рекордтық мәнге ие болды. Салдарынан бұл инфляцияның жылдық көрсеткішінің күрт өсуіне әсер етті (өткен жылмен салыстырғанда баға 30,6% көтерілді).

2021 жылғы қазанда көкөністі тұтыну бағасының жылдық өсуі баяулады, бірақ көрсеткіш әлі жоғары деңгейде – 25,5%. Бұл жағдайда жылыжайда өсірілетін көкөністер қымбаттап жатыр. Мысалы, қияр жылдық мәнде 29,5%, қызанақ 21,5% қымбаттаған.

Сондай-ақ жанар-жағармай бағасы 17% өсті. Оның ішінде бензин бағасы 15,6%, дизель отыны 24,4% көтерілді. Жанар-жағармайдың қымбаттауы өндірушілердің бағаны көтеруімен байланысты (бензин бір жылда 23,7%, дизель отыны 7,3% қымбаттаған).

Ақылы қызметтердің жылдық инфляциясы құрылымында электр энергиясы мен тарату желілері арқылы тасымалданатын газдың қымбаттауына байланысты реттелетін коммуналдық қызметтерге де тариф бағасы өсті. Қазанда электр энергиясын тұтыну бағасының жылдық өсуі 8,6% болды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру және инфляцияны одан әрі жеделдетуге жол бермеу үшін Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, кешенді шараларды іске асырып жатыр. Шаралар шеңберінде 2022 жылы азық-түлік емес инфляцияны 5%, ал 2023-2024 жылдары 4%, 2022-2024 жылдары ақылы қызметтерге тарифтерді 4% төмендету көзделген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері