Нұр-Сұлтан -6.3°
24.11.2021, 16:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер 2,2 есе өскен

Биылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында елде қолма-қол ақшасыз карточка арқылы жасалатын транзакция көлемі 2,2 есе немесе 49,6 трлн теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер 2,2 есе өскен

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) дерегінше, былтырғы 9 айда елде қолма-қол ақшасыз карточка арқылы жасалатын транзакция көлемі 22,3 трлн теңге болған.

"Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі рекорд орнатып жатыр. Елдің жарты өңірінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесі 70% асты, POS-терминалдардағы төлем бөлшек тауар айналымының 91% тең", - деп жазылған қауымдастық таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемдердің басым бөлігі интернет немесе мобильді банкинг арқылы жасалған: 83% немесе 41,1 трлн теңге. Қауымдастық қолма-қол ақшасыз төлемдердің ұлғаюымен бірге қолма-қол ақшаны алу көлемінің және олардың айналымдағы көлемінің өсуі байқалғанын атап өтті. 

Мамандардың пікірінше, бұл көлеңкелі экономиканың жоғары үлесімен (2 млн адам немесе Қазақстандағы барлық жұмыс күшінің 23% өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр), инфляциялық процестердің жоғарылауымен, халықтың бір бөлігінің қолма-қол ақшаға деген сеніммен байланысты болуы мүмкін. Мәселен биыл қаңтар-қыркүйекте қолма-қол ақшаны алу көлемі 25,2% немесе 15 трлн теңгеге дейін артқан. 

"Қолма-қол операциялардың өсуімен қатар айналыстағы қолма-қол ақша көлемі де артқан. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте ол 3 трлн теңге болды (2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім –  6,2%). Дегенмен экономикадағы қолма-қол ақшаның ақша массасына қатынасы 11,6%-дан 10,3%-ға дейін төмендеді. Бұл қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшкенін көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар қауымдастық Қазақстанда айналымдағы кредит карта санының артқанын жеткізді. Биыл қазанның басында олардың саны 53% немесе 13,6 млн бірлікке дейін өскен.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері