Нұр-Сұлтан -4.2°
21.11.2021, 16:27
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионын нокаутпен жеңді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлады Elorda.Info.

Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионын нокаутпен жеңді

Отандасымыз бұл жолы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) қолғап түйістірді. Орта салмақта өткен жекпе-жек он раундқа есептелген. Алайда, сегізінші раунда Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Француз боксшысы үшінші раундта нокдаун алған еді.

Осылайша, Жәнібек кәсіпқой бокстағы 11 жеңісіне жетіп, «WBO Global» чемпионы титулын қорғап қалды. Ал «WBA Regular», «WBO Interim» және «WBC Silver» нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы француз Хассан Ндам Нжикам кәсіпқой карьерасында алтыншы реті жеңілді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері