Нұр-Сұлтан -1.5°
20.11.2021, 13:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

SPECA бағдарламасы аясындағы тауар айналымы 4,8 млрд долларға жетті

Үстіміздегі жылдың 9 айында Қазақстан мен SPECA елдері арасындағы тауар айналымы 4,8 млрд долларды құрады. Бұл жайында «Пандемиядан кейінгі жасыл және инклюзивтік экономиканы дамыту үшін тұрақты көлік және сауда» экономикалық форумында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров мәлім еткен, деп хабарлады Elorda.Info.

SPECA бағдарламасы аясындағы тауар айналымы 4,8 млрд долларға жетті

Вице-министр бүгінде Қазақстанда SPECA елдерінің 4 400 компаниясы және 800 бірлескен кәсіпорыны жұмыс істейтінін атап өтті. Соңғы 10 жылда SPECA отандық экономикаға $210,7 млн инвестиция салды.

«Министр орынбасарының айтуынша, Қазақстан жаһандық трендтерден тыс қалмайды және «жасыл экономикаға» көшу шараларын қабылдауда. 2013 жылы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама қабылданып, «жасыл» өсуге қол жеткізу және экономиканы терең көміртексіздендіру үшін экономиканы дамытудың ұзақмерзімдік нұсқаларын қамтитын 2060 жылға дейінгі Төменкөміртектік даму стратегиясы әзірленуде», - делінген ҰЭМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, халықаралық форум барысында Қазақстан Тұрақты хатшылық мекемесі арқылы SPECA бағдарламасын реформалау мен бекітуді ұсынды. Ол SPECA-ның БҰҰ-ның басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдарымен негізгі бағыттар бойынша тиімді әрі жедел өзара іс-қимылын құруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 1997 жылы БҰҰ әзірлеген SPECA бағдарламасы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске қосылды. Қазіргі уақытта оны жүзеге асыруға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ауғанстан елдері қатысуда.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері