Нұр-Сұлтан -0.1°
19.11.2021, 22:05
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Енді қазақстандықтар басқа ел банктерінен де несие ала алады

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің азаматтары тек өз елінде ғана емес, одаққа мүше басқа мемлекеттердің банктерінен де несие ала алады. Бұл туралы Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мәлімдеді, деп хабарлайды Elorda.info.

Енді қазақстандықтар басқа ел банктерінен де несие ала алады

“Қаржы нарықтарын жақындастыру бойынша шешуші қадамдар жасалуда. Бүгінде несиелік тарихқа енетін ақпарат алмасу тәртібі туралы келісімдерге қол қойылуда. "Бестік" азаматтары Одақ көлемінде несие рәсімдеу кезінде тең мүмкіндіктерге ие бола алады. Оның қандай төлқұжаты бар екенін және тәуекелдерді сараптап, оған несие беру туралы шешімдерді қабылдаймыз, - деді Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында.

Еске салайық, ЕАЭО-ның «бестігіне» Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан кіреді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері