Нұр-Сұлтан -0.8°
19.11.2021, 13:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада екі жеңіл көлік соқтығысты

Нұр-Сұлтанда "KIA" және "Hyundai" маркалы автокөліктер соқтығысып қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада екі жеңіл көлік соқтығысты

“18 қарашада шамамен 19 сағат 35 минутта "KIA" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Сарайшық көпірінің бойымен Мәңгілік Ел даңғылынан Б.Момышұлы даңғылына қарай жүріп, көктайғаққа байланысты рульді басқара алмай, қарсы бағыттағы жолақта тура келе жатқан "Hyundai" маркалы автокөлігімен соқтығысқан”, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.  

Жол көлік оқиғасының нәтижесінде "Kia" автокөлігінің жүргізушісі мен "Hyundai" автокөлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Олар дәрігерлердің қарауынан кейін босатылған. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға жолдарда сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері