Нұр-Сұлтан -4.2°
16.11.2021, 16:50
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мобильді байланыс операторларына 104 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін елордада отандық телекоммуникация және цифрландыру саласының даму барысына арналған «дөңгелек үстел» өтті. Шараға құзырлы мемлекеттік орган өкілдерімен қатар сала мамандары қатысты, деп хабарлады Elorda.Info.

Мобильді байланыс операторларына 104 млн теңге айыппұл салынды

Еліміздің баяу интернет пен сапасыз байланыс үшін мобильді байланыс операторларына 104 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті Радиожелілік спектрін пайдалануға рұқсат беру басқармасының басшысы Ерлан Дүйсен хабарлады.

«Біз бүгінге дейін жалпы 465 тексеріс жүргіздік. Нәтижесінде мобильді байланыс операторлардың жұмысынан бірқатар кемшіліктер табылып, оларға 104 млн теңгенің айыппұлы салынды. Сонымен қатар біз ауылдарды жылдам интернет және сапалы байланыспен қамту шарасына қатысты тексеру жұмысын одан әрі жалғастыратын боламыз. Егер байланыс операторларының жұмысы ақсай беретін болса, онда әкімшілік шара қабылданады. Қажет болған жағдайда қызмет көрсету құқығынан айыру қадамына дейін барамыз», - деді Ерлан Дүйсен.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков телекоммуникация саласын жоғары қарқынмен дамыту мәселесіне басымдық беру қажеттігін атап айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында цифрландыру саласының маңыздылығына ерекше тоқталып өткен болатын. Бәсекелестікті дамытамыз десек, жұмыс сапасын арттыруымыз керек. Сонымен қатар Президент елдімекендерге интернет тартып қоймай оның сапасын реттеуді тапсырды. Бұдан бөлек, отандық ІТ саласы мамандарын даярлау міндетін де жүктеді. Президент тапсырмасына сәйкес 100 мың қазақстандық ІТ маманын әзірлеу қажет. Телекоммуникация заманауи жылдам дамып жатқан саланың бірі. Осы тұрғыда бізде көштен қалмауымыз керек», - деді халық қалаулысы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері