Нұр-Сұлтан -4.8°
15.11.2021, 20:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Биыл еліміз 26 млн тонна көмір экспорттады

Жыл басынан бері "Қазақстантеміржолы" компаниясы 212 млн тонна жүк тасымалдады, деп хабарлайды Elorda.info компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл еліміз 26 млн тонна көмір экспорттады

Жүктің 138 млн тоннасы ел ішіне, ал 74 млн тоннасы экспортқа жөнелтілген.

"Биылғы қаңтар-қазан айларында тас көмір тиеу 3,7%-ға өсіп, 86 млн тоннаны құрады. Қазақстандық тұтынушыларға 60 млн тонна қатты отын жеткізілді. Бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16%-ға көп. Оның 26 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді. Астық тиеу 2,6%-ға артып, 7,2 млн тоннаға жетті. Оның ішінде экспортқа 5,4 млн тоннасы тиеліп, өсім 5,6%-ды құрады. Есепті кезеңде 14,5 млн тонна мұнай, 13 млн тонна құрылыс, 22,8 млн тонна темір кені мен марганец, 18 млн тонна түсті кен мен күкірт шикізаты, 3,2 млн тонна химиялық тыңайтқыштар, 4 млн. тонна қара металл тасымалданды",– деп жазылған хабарламада.

Биылғы 10 ай қорытындысы бойынша пайдалану жүк айналымы былтырғыдан 2%-ға артып, 197,2 млрд т-км неттоны құраған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері