Нұр-Сұлтан 17°
×
12.11.2021, 14:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сенатор ТЖМ қызметкерлерінен Президент жылдам екенін ескертті

Бүгін Сенатта «Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Сол сәтте сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Төтенше жағдайлар министрлігіне оперативтілік жетіспейтінін ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

Сенатор ТЖМ қызметкерлерінен Президент жылдам екенін ескертті

«Сіздің министрліктің жауапты қызметкерлеріне қарағанда, кейбір төтенше жағдайларға мемлекет басшысы тез реакция береді. Сіздерге оперативтілік жетіспейді. Болашақта осыны ескеруіңіз керек», - деді депутат Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге.

Сондай-ақ ол қазір өнеркәсіптік қауіпсіздіктің көптеген талабы мен нұсқаулықтары ескіріп қалғанын айтты. Апаттар соның салдарынан жиілеп кеткен.

«Егер сіздер осы заң жобаларын дайындап үлгермесеңіздер, біздің комитет көмектесуге дайын. Оның үстіне комитетте осы салаға бүкіл ғұмырын арнаған мықты мамандар бар», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері