Нұр-Сұлтан 19.8°
×
09.11.2021, 18:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы 7,5 мың үлескер баспаналы болады

Бұл туралы елордалық мәслихатта өткен тұрақты комиссияның отырысы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Сейтқұлов айтты, деп хабарлады Elorda.Info.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы 7,5 мың үлескер баспаналы болады

«Жылдың соңына дейін үлескерлік құрылыспен салынып жатқан 18 проблемалық нысанды аяқтау жоспарланып отыр. Аталмыш құрылыс нысандарын аяқтау үшін бюджеттен қажетті қаражат бөлінді. Осылайша, 7,5 мың үлескер өздерінің жаңа баспанасының кілтін иеленеді», - деді басқарма басшысының орынбасары.

Айта кетейік, елордадағы проблемаларды шешу үшін арнайы «жол картасы» әзірленген болатын. Ол 107 тармақтан тұратын 13 негізгі бағытты қамтиды. «Жол картаның» толық жүзеге асыру үшін 2021-2025 жылдарға арнап қазынадан 878,8 млрд теңге қарастырылған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері