Нұр-Сұлтан 26.7°
×
03.11.2021, 18:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Еурокомиссия әлемдегі ормандарды қорғауға 1 млрд еуро бөледі

БҰҰ-ның Глазго қаласында (Ұлыбритания) климаттың өзгеруі жөніндегі 26-шы конференция өтті. Шара барысында Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен Еуропалық Одақтың ормандарды сақтаудың жаһандық міндеттемелеріне қосқан үлесі ретінде қомақты қаражатты бөлетінін жариялады, деп хабарлайды Elorda.Info.

Еурокомиссия әлемдегі ормандарды қорғауға 1 млрд еуро бөледі

Еуро Одақтың бюджетінен бөлінетін 5 жылдық қолдау пакеті бүкіл әлемдегі ормандарды қорғауға, қалпына келтіруге және тұрақты басқаруға, сондай-ақ Париж келісімінің ережелерін орындауға көмектеспек.

«Орман – «Жердің жасыл өкпесі». Біз оларды қорғап, қалпына келтіруіміз керек. Мен әлемдік ормандарды қорғауға 1 млрд еуро бөлуге міндеттенетінімізді қуана жариялаймын. Бұл – ЕО-ның «Жасыл келісімге» сәйкес планетамызды қорғауға бағытталған жаһандық өзгерістерге жетекшілік ету жөніндегі міндеттемесінің белгісі, - деп мәлімдеді комиссия президенті.

Еуропалық Одақ өзінің экожүйесі бар ерекше аумақ - Конго өзенінің бассейніне ерекше назар аударды. Мәлімделген 1 млрд еуроның 250 млн-ы көмек пакеті шеңберінде Конго өзені бассейніндегі экологиялық мақсаттарға бағытталатын болды.

Қаржылық міндеттеме – Еуропалық Комиссияның Глазго қаласындағы саммитте халықаралық қоғамдастық қабылдаған Ормандар жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосқан үлесі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері