Нұр-Сұлтан 16°
×
02.11.2021, 18:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

СҚО: 5 аудан мен Петропавлдың бірнеше шағынауданында жарық жоқ

Солтүстік Қазақстан облысын жылу-электр қуатымен қамтамасыз ететін стансада үш бірдей қазандықтың істен шығуына байланысты бірқатар елді мекен мен Петропавлдың кей шағынаудандары жарықсыз қалды, деп хабарлайды Elorda.Info «СевКазЭнерго» АҚ-ы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО: 5 аудан мен Петропавлдың бірнеше шағынауданында жарық жоқ

Белгілі болғандай, 1 қараша күні Петропавл №2 жылу-электр орталығында үш қазандық агрегаты істен шыққан. Салдарынан стансадағы жүктеме төмендеп кеткен. Қуат тапшылығы туындап, энергетиктер нысандарды электр энергиясынан ажыратуға тура келген.

Сөйтіп, Петропавлдың 19-ыншы, «Береке», Хромзауыт шағынаудандары, Жұмысшы кенті тұтынушыларының бір бөлігі электр қуатынсыз отыр. Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Есіл, Аққайың, Тимирязев, Жамбыл және Шал ақын аудандарының елді мекендері ішінара жарықсыз қалды.

Бұл жағдай қалалық жылу желілерінің жұмысына да әсер етті. Жылу-электр стансасынан шығатын ыстық судың температурасы 3-5%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта энергетиктер Петропавл №2-ЖЭО-ның жұмысын қалыпқа келтіру мақсатында тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізілуде.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері