Нұр-Сұлтан 17.1°
×
29.10.2021, 11:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тұрғын үйге қатысты қызметтер 6%-ға қымбаттады

Тұрғын үйге қатысты қызметтер бір жылдың ішінде шамамен 6%-ға қымбаттады, сонымен бірге, тікелей мемлекетпен реттелетін коммуналдық қызметтер – небәрі 3%, деп хабарлайды Elorda.info finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғын үйге қатысты қызметтер 6%-ға қымбаттады

Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан реттелетін коммуналдық қызметтердің құны небәрі 3%-қа өсті. Жалпы алғанда, инфляцияның жылдық деңгейі 7,8% құрады.   

Тұрғын үйге қатысты қызметтерде бағаның өсуі әркелкі. Мысалы, жалдамалы пәтер үшін нақты ақысы бір жылдың ішінде бірден 13,2% өсті, тұрғын үй-жайларына қызмет көрсету және жөндеу үшін төлем – 7,9%-ға ұлғайды. Тұрғын үй нарығындағы бағалар 2021 жылдың тоғыз ай қорытындысы бойынша бір жылдың ішінде жаңа үйлер үшін 10,8%-ға және екінші дәрежелі тұрғын үйлерге – бірден 23%-ға өсті.  

Қазақстандықтардың ай сайынғы түбіртек бойынша төлейтін қызметтерге қатысты айтар болсақ, мұнда да елеулі айырмашылықтар байқалады. Мысалы, егер қоқысты шығару бір жылдың ішінде бірден 15,3%-ға өссе, домофон компанияларының қызметтерге бағасы 3,2%-ға, ыстық судың құны небәрі 1,4%-ға ұлғайды, ал орталық жылыту болса, керісінше, 1,2%-ға арзандады.     

Мемлекетпен реттелетін қызметтердің құны басқаларға қарағанда әлдеқайда тұрақты екенін байқауға болады.

Қазақстандықтардың ай сайын алатын қарапайым түбіртектердің мысалында нақты қандай қызметтер туралы айтылып жатқанын түсіндіре кетейік. Суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру (кәріз), электр энергиясы, газбен жабдықтау және жылумен жабдықтау (жылыту) реттелетін қызметтерге жатады. Мысалда анық көріп отырғандарыңыздай, оларға қысқы кезеңде жалпы қызметтер құнының 52,1%, ал жазғы уақытта - 29,5% тиесілі.     

Айта кету керек, келтірілген түбіртек – бұл жай ғана есептеуге арналған үлгі. Алайда тұратын жеріне (қала/ауыл), өңіріне және тұрғын үй түріне қарай қазақстандықтардың түбіртектері, әрине, қатты ерекшеленетін болады. Сөйтіп, газбен жабдықтау және су бұру сияқты мемлекетпен реттелетін, сол сияқты бейнебақылау мен лифт сияқты реттелмейтін қызметтер барлық дерлік жерде кездесе бермейді.

Дегенмен ел тұрғындарының барлық түбіртектерін біріктіретін бір жайт: оларда реттелетін, сол сияқты реттелмейтін қызметтер бар және де реттелетін қызметтер саласында қазақстандықтардың құқықтары жеке заңмен қорғалған.  

Коммуналдық қызметтердің ұсынылуы қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасындағы жеке шарттың негізінде жүзеге асырылады. Тұтынушылық қасиеттері мен қызметтерді көрсету тәртібі нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері