Нұр-Сұлтан 17.1°
×
19.10.2021, 16:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ғалымдар жол құрылысына қолданылатын жаңа технология ойлап тапты

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының президенті, профессор Бағдат Телтаев жол төсемінің құрылымында пайдаланылатын табиғи беріктігі төмен тас материалдардың тұрақтылығын арттыратын жаңа технологиялар құрылғанын айтты, деп хабарлайды Elorda.Info ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Telegram» каналына сілтеме жасап.

Ғалымдар жол құрылысына қолданылатын жаңа технология ойлап тапты

Еліміздің бірқатар өңірлерінде құрылымы кеуекті, яғни беріктігі төмен табиғи материалдар бар екені белгілі. Бұл материалдарды қолданған кезде тас ылғалды сіңіріп алып, қыста қатқан кезде бұзыла бастайды. Яғни, циклдық тоңу-еру процесі кезінде шыдас бермейді.

Арнайы технологияларсыз мұндай материалды жол саласында қолдану тиімсіз. Сол себептен, жол мамандары қажетті құрылыс материалдарын басқа өңірлерден жеткізуге мәжбүр. Ал бұл құрылыс құнына елеулі әсер етеді.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары материалдардың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік беретін арнайы изоляциялық қабат құрудың жолын тапқанын мәлімдеді.

«Осындай ғылыми зерттеумен химия ғылымдары мамандарымен бірігіп айналысып жатырмыз. Осы изоляциялық қабат жасаудың екі әдісін, яғни екі құрамын таптық. Сол екі құрам да алғашқы зертханалық зерттеулер кезінде оң нәтиже берді», - деп атап өтті Бағдат Бұрханбайұлы.

Осы әдісті жартылай өндірістік жағдайда зерттеу басталып, жолдың тәжірибелік учаскесін салу жоспарлануда. Инновация өзінің тиімділігін дәлелдеген жағдайда, алдағы уақытта оны жол құрылысында қолдануға ұсынылады. Ғалымдардың айтуынша, технология үнемді, оны жергілікті маңызы бар жолдарда кеңінен қолдануға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері