Нұр-Сұлтан 18.8°
×
19.10.2021, 13:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Ең мейірімді» конкурсына қатысуға өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Қазақстанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 1 қыркүйекте бастау алған «Ең мейірімді» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылданып жатыр, деп хабарлайды Elorda.info.

«Ең мейірімді» конкурсына қатысуға өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Конкурс «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасына қатысушылар арасында он номинация бойынша өтеді:

-    «Ең мейірімді өңір», 

-    «Ең мейірімді бизнес», 

-    «Ең мейірімді ауыл», 

-    «Ең мейірімді ұжым», 

-    «Ең мейірімді аула», 

-    «Ең мейірімді ЖОО», 

-    «Ең мейірімді мектеп», 

-    «Қоршаған ортаға ең мейірімді», 

-    «Ең мейірімді редакция»,

-    «Ең мейірімді волонтер». 

Конкурсты өткізудегі негізгі мақсат – елдегі қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті насихаттау. Оған «Қайырымды істер марафоны» жобасы шеңберінде қайырымдылық және волонтерлік жұмысқа тартылған кәмелет жастағы қазақстандықтар қатыса алады. 

Жеңімпаздарды комиссия осы жылдың 1-12 қарашасы аралығында анықтайды.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 29 қазанына дейін жіберуге болады. Әр номинацияның ережесі мен қатысушылардың анкетасы марафон жобасының www.qim.kz ресми сайтында орналасқан. 

Кез келген сұрақ бойынша ұйымдастыру комитеті өкілдерінің келесі байланыс нөміріне хабарласуға болады: +7 701 513 55 00.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері