Нұр-Сұлтан 28.4°
×
18.10.2021, 20:11
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандықтардың 95%-ы өздерін бай санамайды – статистика

Ranking.kz мәліметінше, пандемияға қарамастан, қазақстандықтардың ақшалай табысы төмендемеген. Биылғы екінші тоқсанда жан басына шаққандағы табыс 205,5 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 12,6%-ға көп, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстандықтардың 95%-ы өздерін бай санамайды – статистика

Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнамаға сүйенсек, қазақстандықтардың 40,2%-ы биыл өздерінің қаржылық жағдайына толықтай қанағаттанады. 56,3%-ы ішінара қанағаттанса, респонденттердің 0,6%-ы мүлдем көңілі толмайтынын жеткізген, ал 2,9%-ы сұраққа жауап беруге қиналған. 

Отбасындағы экономикалық ахуалға респонденттердің 44,1%-ы разы, сондай-ақ 52,8%-ы салыстырмалы түрде разы. Ал жауап берушілердің 1,1%-ы экономикалық тұрғыдан қазіргі жағдайларына көңілі көншімейді, 2%-ы жауап беруге қиналған. 

Айта кеетйік, сауалнамаға қатысқа респонденттердің 88%-ы өз тұрмысын орта және ортадан жоғары санаған. 

Тұрғындардың 4,6%-ы өздерін басқалармен салыстырғанда бай, ал 0,8%-ы аса бай деп есептейді. Ал респонденттердің үштен екі бөлігі өздерін орта тұрмыстыларға жатқызған. Тұрғындардың небәрі 0,4%-ы өздерін аз қамтылған деп санайды. 

Қазақстандықтардың шығынына келсек, оның 93% бөлігін тұтыну шығындары құраған, жан абсына шаққанда бұл көрсеткіш тоқсанына 183,2 мың теңгені құрайды. Оның 105,6 мың теңгесі азық-түлік тауарларына жұмсалса, 45,2 мың теңгесі азық-түлік емес кітаптарға, 32,4 мың теңгесі ақылы қызметтерге кетеді. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері