Нұр-Сұлтан 18.6°
×
14.10.2021, 00:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Көтерме саудагерлердің көңілі тоқ

Биылғы қаңтар мен тамыз айлары аралығында Қазақстанда көтерме сауданың көлемі 16,7 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 10,5%-ға, қаржылай мәнде 18,5%-ға көп, деп хабарлайды Elorda.info energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Көтерме саудагерлердің көңілі тоқ

Оның ішінде сатылымның 17,4%-ы азық-түлік тауарларының үлесіне келсе (2,9 трлн тг, жылына плюс 5,1%), 82,6%-ы азық-түлік емес тауарларының (13,8 трлн тг, плюс 21,8%) үлесіне тиеді.

Өңірлерге шақсақ, барлық көтерме сауда көлемінің үштен бір бөлігінен көбі (39,3%-ы немесе 6,6 трлн тг) Алматыда жасалған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 8,7%-ға көп. Екінші және үшінші орында елорда (2,5 трлн тг, плюс 21,1%) мен Атырау облысы (2,3 трлн тг, плюс 60,4%) тұр.

Көтерме сауда көлемінің біраз бөлігін (10,7 трлн тг) жекеменшік кәсіпорындар қамтамасыз еткен. Тағы 5,9 трлн теңгенің саудасын шетелдік кәсіпорындар жүргізсе, 50,1 млрд теңгенің саудасы мемлекеттік компаниялардың үлесіне келеді. 

Көтерме сауданың 12,9 трлн теңгесі – шағын бизнеске, 3,2 трлн теңгесі – орта бизнеске, 643,9 млрд теңгесі ірі бизнеске тиесілі. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері