Ranking.kz мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда электронды үкімет өз жұмысын бастаған алғашқы он жылда, яғни 2006-дан 2016-ға дейін бұл саладағы жұмысқа 46 млрд теңгедей қаржы жұмсалды. Одан бөлек, LS.kz дерегі бойынша, жыл сайын елімізде ақпараттық жүйелерді қолдауға шамамен 9 млрд теңге, ал оны құруға 17,3 млрд теңге кетеді, деп хабарлайды Elorda.info.
“Электронды үкіметті” дамыту бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан жақсы көрсеткіш көрсетіп келеді. Мысалы, 2020 жылы біздің ел 10 сатыға көтеріліп, 29-орынға тұрақтаған. Ал көршілес Ресей болса 4 сатыға құлдилап, 36-орынды иеленді. Осылайша ол бізден 7 орынға артта тұр.
Қазіргі таңда Қазақстанда “электронды үкіметтің” дамуына тікелей жауапты мемлекеттік компаниялар мен органдар бар. Оның ішінде:
Еліміздің 2021-2023 жылдарға арналған республкиалық бюджетінде “электронды үкіметті” дамыту үшін биылға – 79 млрд теңге, келер жылға – 62,8 млрд теңге, 2023 жылға 42,5 млрд теңге бөлінген.