Нұр-Сұлтан 26.7°
×
11.10.2021, 14:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президент елордада өтетін халықаралық конференцияға қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртегіне бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияға қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Elorda.info.

Президент елордада өтетін халықаралық конференцияға қатысады

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету жолдарын, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктердің басым бағыттарын және көміртегі бейтараптығына көшу үшін қомақты қаражат жұмылдырудың маңыздылығын талқылау.

Конференцияға БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам, қаржы институттары, даму жөніндегі серіктестер мен БАҚ өкілдері қатысады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері