Нұр-Сұлтан 13.4°
×
07.10.2021, 22:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ипотеканы цифрландыру жөнінен Қазақстан АҚШ-ты басып озды

11 ел арасындағы ипотеканы цифрландыру бойынша рейтингте Қазақстан бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Elorda.info kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

Ипотеканы цифрландыру жөнінен Қазақстан АҚШ-ты басып озды

Бүгінде Freedom Finance Bank Kazakhstan елімізде ипотека алу рәсімінің 90%-ын цифрландырған. Ал Финляндия, Оңтүстік Корея, Швеция және АҚШ ипотекалық өнімдерді цифрландыру жөнінен 30%-дан әрең асады.

Ипотекалық қарыз алу процесінің цифрлану деңгейін түсіну үшін оның әр сатысы – өтінім беруден бастап, алдын-ала мақұлдау, мүлікті бағалау, шешім, келісімшарт рәсімдеу, құжаттарға қол қою, кепілді тіркеу, пәтерді беру және одан кейінгі көрсетілетін қызметтердің қаншалықты цифрланғаны қарастырылған.

Аталмыш тізімде Ұлыбритания 55%-ға жетсе, Жаңа Зеландия, Эстония және Нидерланд елдерінікі 44%-ды құрайды. Тізімнің соңғы орындарында Дания (22%) мен Аустралия (22%) тұр.  

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері