×
25.01.2023, 14:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Балалар арасында тұмау көбейді

Елде коронавирус өршіп тұр

Балалар арасында тұмау көбейді
Фото: Ашық дереккөз

Ресейде 3 пен 14 жас аралығындағы балалардың тұмауға шалдығуы жиілеген, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, «Балалардың ұзаққа созылған қысқы каникулдары аурудың асқынуына себеп болуы мүмкін», - дейді дәрігерлер. Елде коронавирус өршіп тұр. Соңғы бір аптада науқастар саны 22%-ке көбейген. Қазір тұрғындар арасында екі немесе үш инфекцияны бірден жұқтырып жатқаны дәрігерлерді алаңдатады. 

Адамның тұмау мен коронавирусты бірдей жұқтырып алуы мүмкін. Бірақ бұл жаппай белең алып жатыр деп айтуға келмейді. Себебі қазірге дейін 80 млн тұрғын тұмауға қарсы егілген. Вакцинаның тиімділігі жоғары. Иммунитеті әлсіреген адамның тұмау және коронавируспен де ауруы мүмкін. Алайда ұжымдық иммунитет қалыптасқандықтан ауру асқынбайды, - деді Ресей Федеарциясының бұрынғы бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері