1 750 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
Елімізде бір тәулікте 72 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады Elorda.info.
25 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 750 адам коронавирус инфекциясынан (–1 608+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1 633 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.