×
02.12.2022, 18:03
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Министр коронавирустың жаңа штаммы туралы айтты

Ауруханада жатқан 10 науқастың жағдайы ауыр

Министр коронавирустың жаңа штаммы туралы айтты
Фото: Ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың жаңа штаммы туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

«Цербер» –  омикронның түрлерінің бірі.  Омикронның басқа қандай түрлері бар, соның барлығын бақылап, сынап, анықтайтынымызды білесіздер. Жалпы вирустың 0,5%-ы ғана айналымда. Ол орташа ағымымен сипатталады, - деді министр.

Министр қазір асимптоматикалық ағымдар көп екенін айтты.

Қазіргі таңда ауруханаларда 100 науқас жатыр. Бұл негізінен егде жастағы, екпе мүлде алмаған науқастар.  Олардың 10-ының жағдайы ауыр, - деді Ажар Ғиният.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері