×
29.11.2022, 08:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

8 ауданның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды
фото: Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда 85 адамның коронавирус жұқтырғанын анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

29 қарашадағы мәлімет бойынша елімізде 987 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 161 пациент стационарда, 826 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ-ге шалдыққандардың арасында 8 сырқаттың жағдайы ауыр, 2 пациенттің ахуалы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері