2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 42 жағдай тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 728 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 89 пациент стационарда, 639 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 8 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.