×
22.09.2022, 19:54
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елде 3 мыңнан аса азамат ағза ауыстыруға мұқтаж

Қазіргі таңда бүйрек ауыстыру кезегінде 108 бала тұр

Елде 3 мыңнан аса азамат ағза ауыстыруға мұқтаж
Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанда жыл сайын ағза ауыстыруға мұқтаж жандардың саны артып келеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар24» телеарнасының ақпаратынша, бүгінде 3 мыңнан астам адам өз кезегін күтіп жүр. Өкініштісі, пациенттер трансплантация күніне жетпей, көз жұмады. Бұл туралы «Ю-ЭМ-СИ» корпоративтік қорының баспасөз конференциясында айтылды.

Қазіргі таңда бүйрек ауыстыру кезегінде 108 бала тұр. Өйткені елде мәйіттік донор жоқтың қасы. Ал соңғы жылы 120 донорлық ағза ауыстыру операциясы жасалды. Олардың 113-і тірі, ал 7-і мәйіттік донор.

Бүгін Астанада «Транс-плантейшин Ин центр Азиа» атты халықаралық конференциясы басталды. Оған 20-дан астам шетелдік маман қатысты. Олар Испания, Швейцария, Словения, АҚШ, Германия елдерінен келген.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері